Кения ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу шартына қол қойды

676

Кения ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу шартына қол қойды

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Кенияның Сауда министрлігінің Бас хатшысы – Кенияның "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі ұлттық секциясының комиссары Кристофер Киптоомен кездесу өтті, деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" АҚ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Кенияның астана көрмесіне қатысуы, ұлттық күнін өткізу және павильонды контенттік толтыру мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысында Кения "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды.

"ЭКСПО-2017 тұғырнамасы екіжақты қатынастың дамуына және екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға серпін береді", – дейді Кристофер Киптоо.

Кениялық комиссар Қазақстан мен Кенияның сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ерекше маңызды екенін айтты.

Кристофер Киптоо мәлімдегендей, көрмеде Кения елдің баламалы энергия көздері, дәлірек айтқанда, күн энергетикасын пайдалану саласындағы жетістігін ұсынуға ниетті. 2017 жылы елде 81 га шөлді жерді қамтитын, қуаты 50 МВт күн фотоэлектрлі электр станцияларын іске қосу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу