Кенияда аштықтан қаза тапқан сектанттар саны 372-ге жетті

415

Кения полициясы діни сектаның қызметін тергеу барысында тағы 12 мәйіт жер астынан қазып алынды, олардың ізбасарлары Құдаймен кездесу үшін өздеріне аштық жариялаған. 

Кенияда аштықтан қаза тапқан сектанттар саны 372-ге жетті Фото: Anadolu Agency

Қаза тапқандар саны 372-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.

Мәйітті қазып алу операцияның төртінші кезеңінің үшінші күні өтті.

Полицияның мәліметінше, осы жылдың сәуір айынан бастап пастор Пол Маккензи бастаған сектадан 95 адам шығарылды. Ораза ұстаудың ауыр тәжірибесінен аман қалған бұл адамдар енді қоғаммен қайта араласу үшін қажетті қолдау мен қамқорлық көрсетіледі.

Бұған дейін Кенияның ішкі істер министрі Китуре Киндики адамдарды арбауға жол берген тәртіп сақшылар жазаланатынын мәлімдеді. 

Билік тағы 40 жаңа қабір тапты.

Кениядағы "Ізгі хабар" халықаралық шіркеуін басқаратын Маккензи сектасының қызметін тергеу аясында сәуір айының ортасынан бастап Килифи округінің Шакахола орманынан жүздеген мәйіттер табылды.

Маккензи ізбасарларына аспанға жетіп, Құдаймен жүздесу үшін аштан өлуді бұйырған. Кейбір құрбандардың ішкі органдары табылмады, бұл адам ағзаларының саудасына күдік туғызады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу