Кенияда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды Associated Press басылымы.
Апат ел астанасы Найроби мен ірі портты қала Момбаса арасын жалғайтын жолда болған. Полиция өкілдерінің дерегіне сүйенсек, автобус Момбасаға бет алған. Ал жүк көлігі жол апаты болғанда қарсы бағытта келе жатқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу