Кенияда қатты су тасқыны салдарынан 35 адам қаза тапты

275

Тағы 100 мың адам жарақат алды. 

Кенияда қатты су тасқыны салдарынан 35 адам қаза тапты Фото: БелТА

Біріккен ұлттар ұйымы Кенияда маусымдық жауын-шашын салдарынан 35 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұдан бір күн бұрын елдің астанасы Найроби су астында қалды. Онда жергілікті өзен арнасынан асып кетіп, жүздеген үйді су басқан. Ауыл шаруашылығы жерлері бүлінген. 

Кенияның қызыл крест ұйымы халықты көшкін қаупі туралы ескертті.

Мәліметтерге сүйенсек, қазір аймақта эвакуация жүріп жатыр. Синоптиктердің айтуынша, жаңбырлы маусым мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу