Кенияда коронавирустың тағы 16 түрі анықталды

1048

Қазір бұл елде коронавирустың мутацияға ұшыраған шамамен 20 түрі таралып жатқан көрінеді. 

Кенияда коронавирустың тағы 16 түрі анықталды

Кенияның ғылыми-зерттеу медициналық институтының мамандары өткен жылдың маусым және қазан айлары аралығында коронавирустың 16 түрі ел аумағында тараған болуы мүмкін деген болжам айтты. Жергілікті Nation басылымының хабарлауынша, бұл дерек сегіз округтағы 200 шақты адамның сынамасы зерттелгеннен кейін жарияланды. 

Кенияда қазір коронавирустың мутацияға ұшыраған шамамен 20 түрі таралып жатқан көрінеді. Олардың төртеуі пандемия басталғанда, яғни наурыз айында анықталған. 
Ғалымдардың айтуынша, вирустың бұл штамы Британия мен Оңтүстік Африкада табылған штамдардан бөлек. Елдегі денсаулық сақтау саласының мамандары осыған алаңдаушылығын білдіріп отыр. Вирустың қалай таралатыны және оның қаншалықты қауіпті екені туралы ақпарат жарияланбады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сүйенсек, Кенияда вирус жұқтыру фактілерінің саны 98 мыңнан асқан. Ауруға шалдыққан 1,7 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу