Кенияда сайлаудан кейін ушыққан қақтығыстар кезінде 9 адам ажал құшты. Үшеуі ел астанасы Найробиде көз жұмған, деп хабарлайды 24.kz.
Мәліметтерге қарағанда марқұмдар бұзақылардың қолынан қаза тапқан.
Жалпы Кениядағы бүлік 27 қазанда басталды. Мұнда 26 қазан күні президент сайлауы екінші қайтара өткізілген болатын. Саяси науқанға бірнеше адам қарсы шығып, дауыс беруге келгендерге қоқан-лоққы көрсеткен. Ал президент сайлауы бірінші рет тамыз айында өтті. Алайда оның қорытындысын елдің соты заңсыз деп таныды. Ол кезде орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, елдің қазіргі президенті Ухуру Кениата жеңіске жеткен еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу