Кениядан Қарағандыға тауар тасымалдайтын жүк ұшақтары қатынайды

882

Кениядан Қарағандыға тауар тасымалдайтын жүк ұшақтары қатынайды

Кениядан Қарағандыға жыл соңына қарай гүл мен халық тұтынуға арналған тауар тасымалдайтын жүк ұшақтары ұша бастайды. Бұл туралы "Сары-Арқа әуежайы" АҚ басқармасының төрағасы Сәрсенбек Күшкінов айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
"Кения – гүл өсіруде әлемде көшбасшы елдердің бірі, - деп түсіндірді Сәрсенбек Күшкінов. – Мысалы, кениялық раушан кесілгеннен кейін өзінің жұпар иісін 12-17 күн сақтап тұрады. Салыстырып айтар болсақ, Амстердамда өсірілген раушан гүлі 7-10 күн ғана тұрады. Сондықтан қарағандылық бизнес Кениядан гүлдер тасымалдауға қызығушылық танытып отыр". 
Ұшақтар Стамбулға тағы да тиелу үшін қонады. Түрік астанасынан Қарағандыға мата мен арнайы техникаға бөлшек әкелінеді деп жоспарланған. 
Кениядан әуе рейсі аптасына бір рет ұшады. Алайда, егер, ол тасымалдайтын тауарларға сұраныс артса, онда рейс саны көбеюі мүмкін. 
Қарағанды арқылы голландиялық раушандар Ресейге және Қазақстанның басқа да қалаларына жеткізіледі. Осы жылдың қыркүйегінен "Боинг 747" жүк ұшағы Сары-Арқа әуежайына аптасына екі рет қонады. Гүл жүгіне халық тұтынатын тауарлар да қосылды. Айтар болсақ, "Zara" , "LC Wailkiki", "Cotton" және "New Yorker" белгілі брендтердің киімдері тасымалданады. 
Осы жылдың желтоқсанында Сианмен жүк әуе рейстерін қайта іске қосу жоспарланған. Қытай тауарлары қарағандылық әуежайда ашылатын пошта хабына түсіп отырады. Мұнда оларды сұрыптап, өзге қалалар мен елдерге жөнелтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу