Кеңсе қағазы неге қымбаттап жатыр?

1444

Кеңсе қағазының бағасы өсіп барады. Неліктен қымбаттағаны, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуына қарағанда, әзірге белгісіз.

Кеңсе қағазы неге қымбаттап жатыр?

"Бағаны қадағалайтын арнайы органдар бар, солар тексереді. Бағаның неге өсіп жатқанын білмеймін. Өйткені кеше ғана менің тапсырмам бойынша мамандар "Abdi" компаниясына барып қайтты. Олар 3 000 теңгеден сатып жатса, өзге дүкендер 5-6 мың теңгеден сатқан. Бірақ бүгін таңертең "Abdi" де бағаны көтергенін естідім. Тиісті органдар тексеретін шығар. Өйткені бұл өзге органдардың құзырындағы шаруа", – деді Өскенбаев үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Оның пікіріне сүйенсек, кеңсе қағазының соншалық тапшы болмайды. 

"Өйткені мәселе бағаның қалыптасуында болып тұр. Қандай бағамен сатылып жатыр дегендей. Қазір біз қағазды сырттан әкелеміз. Негізгі жеткізуші Ресей Федерациясынан 61%-ы келеді. Қажет болған жағдайда біздің бизнес-құрылымдар бағдарын икемдейді деп ойлаймын. Қандайда да бір кедергілер туындап жатса, қағаз жеткізудің балама маршруаттары жеткілікті. Бізде қағаз кесу өндірісі бар. Яғни рулондағы қағаз өндірісі бар. Екі зауыт бар. Ал шикізатты басқа елдерден әкелеміз", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу