Кеншілер қаласы Сәтбаевтың 50 жылдығы атап өтілді

656

Атаулы күнді тойлау академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды

Кеншілер қаласы Сәтбаевтың 50 жылдығы атап өтілді

Мерекелік іс-шаралар тізбегін "Қазақмыс" корпорация ұйымдастырған гала-концерт жалғады. Қала күніне орай Мәдениет үйінің алдында мыңдаған тұрғын жиналды. Мерекелік көңіл-күйдің атмосферасы Сәтбаевтың барлық көшесіне жеткендей. Шаһар тұрғындары үшін отандық және алыс-жақын шетелден келген жұлдыздар өнер көрсетті.

"Біз бұл қаланың көркейіп, дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Тұрғындардың өмірін жақсартуға бағытталған шаралар, күтілген нәтижеден де асып түссін деп тілегім келеді. Қала тек дами берсін", - дейді әнші Jah Khalib.

Ән мен биге толы гала-концерт бірнеше сағатқа созылды. Шараның шымылдығын отандық ең танымал әншілер ашты.

"Сәтбаев қаласы әрі қарай гүлденіп, Қазақстанның ең үлкен ең әсем қалалары болсын Құдай қаласа. Осы Сәтбаев қаласының халқын осындай керемет мейраммен шын жүректен құттықтаймын", - дейді әнші Тұрар Ыдырыс.

Қала тарихы қазақстандық ғалым және геолог Қаныш Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Академик дәл осы жерде аймақтығы ең ірі мыс кенін тапқан. Сондықтан 1990-шы жылдың күзінде тұрғындардың өтінішімен шаһарға оның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтің есімі берілді.

"Қала күні бүгінгі құтты болсын, жерлестерімді құттықтаймын. Қаламыз дами берсін, көркейе берсін, осындай концерттер бола берсін. Концерт үлкен деңгейде өтіп жатыр. Бізге ұнап жатыр", - дейді қала тұрғыны Аяжан Какибаева.

Сәтбаев қаласының тұрғындарының басын қосқан мерекелік шараны "Қазақмыс" корпорациясы ұйымдастырды. Кәсіпорын қала экономикасының дамуына елеулі үлес қосып, халықты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан кеншілер мұндай мейрамдарды өткізудің маңыздылығын атап айтты.

"Қаншама мыңдаған киллометр жердің астында жұмыс істейді, осы шахтерлардың, біздің отбасымыздың тіректерінің арқасы. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтаймын. Алдағы келе жатқан қала күні тағы да құтты болсын. Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін, отбасылыарыңыз аман болсын", - деді кенші Мейрамгүл Садықова.

Гала-концерт аясында Сәтбаев тұрғындары мерекелік көңіл-күйден бөлек, түрлі сыйлықтарға ие болды. Ал қала күніне орай ұйымдастарылыған шара от-шашумен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу