Кеншілер шахтадан шыққан өрт салдарын жоюға жұмылдырылады

852

Кеншілер шахтадан шыққан өрт салдарын жоюға жұмылдырылады

Костенко атындағы шаxтада Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың жетекшілігімен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басышылығы атынан атқарушы директор Вадим Басиннің, КӘАҚҚ РМК Қарағанды филиалының жетекшісі Геннадий Силинскийдің, сондай-ақ құзырлы мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жиналыс өтті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз-қызметі.

Қазіргі таңда Костенко атындағы шаxта тіршілікті қамтамасыз ету режимінде жұмыс істеп жатыр. Алынған сынақтардың сараптамасы апаттық учаскідегі орта жарылыс қауіпті емес екенін көрсетті. Жағдай жіті бақылауда және әрдайым қадағаланып отыр. Осы сәтте өрт пайда болған жерде тілсіз жауды құрықтау жұмыстары жалғасуда. Компанияның сәйкесінше қызметтерімен және КӘАҚҚ РМК Қарағанды филиалының жұмыскерлерімен дер кезінде апаттық учаскіде қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша шаралар құрылды. Жағдайдың одан арғы бақылауы мен сараптамасы негізінде келесі іс-әрекеттер бойынша шешім қабылданатын болады.
Алдын-ала болжам бойынша өртің шығу себебі - табиғи құбылыс салдары. Өрт көзін жою бойынша барлық жұмыстар қауіпсіз режимде және жұмылдырылған адамдардың өміріне қауіп төндірместей жүргізіледі. 
Облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша Костенко атындағы шаxта жұмыскерлерін жұмыспен қамту мәселесі бақылауға алынған. Шаxта қызметкерлерінің бір бөлігі жұмыс тоқтап тұрған уақытта басқа шаxталарға жіберіледі, ал қалған бөлігі КӘАҚҚ РМК Қарағанды филиалының қызметкерлерімен бірігіп, апаттың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу