Кеншілердің мәселесі шешіле бастады

926

Кеншілердің мәселесі шешіле бастады

"Арселор Митал Теміртаудағы" кеншілердің еңбек дауына қатысты наразылығы шешіле бастады. Кеше компанияның бас директоры Парамжит Калон келіп, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесті. Компания ұсынған шарттар мен кеншілердің қойып отырған талабын талқылау түнгі он бірде аяқталып, артынша өңір басшысы кеншілермен кездесті. Онда ұзақ уақытқа созылған келіссөздерден кейін, таңғы сегіздер шамасында жер астынан 154 жұмысшы өз еркімен шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, кеншілер жалақы мөлшерін 100 пайызға және зейнетке шығу мерзімін 50 жаспен белгіленсін деген талаппен наразылық акциясын ұйымдастырған болатын. Бастапқы кезде компания басшылығы жер астында жұмыс істейтіндердің еңбекақысын 20 пайызға, ал жер үстіндегілердің жалақысын 5 пайызға көтереміз деп уәде еткен. Алайда, кеншілер бұл шартпен келіспейтіндігін кесіп айтқан.

Олег Гусев: тілші: "Түнгі 12 жарымнан бастап таңғы алтыға дейін облыс әкімі үш кен орнында болып үлгерді. Олар Шахтинск, Ленин және Қазақстан. Ұзақ уақытқа созылған келіссөздерден кейін, кеншілер бірте бірте жер астынан шыға бастады. Әрине мұны жақсылыққа жоруға болады. Бірақ ешқандай нақты хабар берілмеді. Сол себепті, қандай келісімге келгендігін айту қиын. Дегенмен бүгін ертең кеншілер жұмысқа кіріседі деп күтілуде".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу