Кеншілердің наразылығы әлі де жалғасуда

907

 Кеншілердің наразылығы әлі де жалғасуда

"Арселор Миттал Теміртау" кеншілерінің наразылығы әлі де жалғасуда. Өз әріптестерін қолдауға сегіз көмір департаментінің жеті кен орнының жұмысшылары келіп қосылды. Шахтерлар еңбек жағдайын жақсартып және жалақыны көтеруді талап етіп отыр.

Бұл мәселе, тамыз айында өткен конференцияда да сөз болған. Алайда, іс жүзеге аспаған. Енді мұны жұмысшылар уақыт оздырмай осы жолы орындауды сұрап отыр. Кеншілермен тілдесуге "Арселор Митталдың" басшылығы Теміртауға келеді деп күтілуде. Телефон арқылы байланысқа шыққан біздің арнаның тілшісі Олег Гусев компания өкілдері мен жұмысшылар арасында өткен келіссөзден еш нәтиже болмағандығын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу