Кеншілердің өліміне қатысы бар азаматтар сотталды

629

Кеншілердің өліміне қатысы бар азаматтар сотталды

Саран қалалық соты төрт кеншінің өліміне, бес кеншінің жарақат алуына алып келген оқиғаға қатысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы шахтасының үш лауазымды тұлғасына үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот Талғат Әмірешов "Феррит" дизель таситын көліктің жүргізушісі Евгений Трофимовичті, "Феррит" дизель таситын көліктің жүргізушісі Сергей Мишин мен рельстік көлік учаскесінің бастығы Дмитрий Арабалжиді ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Сот олардың әрқайсысын бес жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімін кесті.

Сотталушылардың кейбірі айыптарын мойындамады. Қосымша жаза ретінде сот оларды өнеркәсіптік өндірісте үш жыл мерзім ішінде басшылық қызметтер атқару құқығынан айырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу