Кеншілердің зейнетке шығу жасын қысқарту керек. Астана өтіп жатқан 8-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде "Арселор Миттал Теміртау" басшысы Парамжит Колон осылай деді. Оның айтуынша ауыр кәсіпті қол қылғандардың зейнет жасын азайтса отандық металлургтар шетелге кетпей ел ішінде еңбек ететін болады. Ал қазір салада мамандар тапшы. Еліміздегі ерлердің зейнеткерлігі 63 жас болса, Ресейде тау-кен жұмысшылары 54 жаста зейнетке шығады. Сол себепті көптеген металургтер алыс жақын шетелдерге көшуде деді Калон. Кәсіпорын басшысы Үкіметке осы жайлы ұсыныс тастағанын, енді биліктен жауап күтіп отырғанын мәлімдеді. Ал тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец болса металлургтердің жалақысын көбейту қажет және сала бойынша ел экспортын ғана емес отандық өндірісті де дамыту керек деді.
Николай Радостовец, "Республикалық Тау-кен жəне тау-металлургиялық кəсіпорындары қауымдастығы" ЗТБ Атқарушы директоры
"Бұл үлкен сала. Елімізде 2011-2015 жылдары арасында, яғни төрт жыл ішінде тау-кен өндірісі, жер-қойнауын пайдалану, барлау, қайта өңдеу 2 есеге құлдырады. Бұл əрине əлемдік дағдарыстың əсерінен. Осындай кездесулер мег шаралар арқылы елдегі осы саланы көтеру көзделуде. Мысалы Жапония бізден сатып алған көмірден 200 түрлі өнім жасайды. Соны өзімізде де дамытып, жасап, экспорттауға қауқарымыз бар."
Сондай-ақ форум барысында Инвестициялар және даму министрлігі мен сала бойынша бірнеше кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы 3 меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, аталмыш дәстүрлі шара барысында келер жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік Тау-кен конгресінің дайындығыда пысықталуда. .