Кеншілердің жалақысы туралы тараған ақпаратқа қатысты тергеу жүріп жатыр

879

Кеншілердің жалақысы туралы тараған ақпаратқа қатысты тергеу жүріп жатыр

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шахтерлердің жалақысы жайлы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
"Біз сіздерге үнемі өкілетті орган немесе кәсіпорын ұсынған ресми ақпаратты таратамыз. Сондықтан менің жасаған мәлімдемем ресми ақпарат болатын, Қарағанды облысының бас еңбек инспекторынан алынған. Әр бас еңбек инспекциясы мұндай ақпарат таратпас бұрын әр кәсіпорынмен тікелей жұмыс істейді", - деді министр.
Дүйсенова кеншілердің жалақысына қатысты тараған екіұшты ақпарат бойынша қызметтік тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Қазір кімнің қандай ақпарат ұсынғанына қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынған адамдар жазаланады. Тергеу қорытындысын хабарлаймыз", - деді Дүйсенова.
Естеріңізге салып өтсек, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтерлері зейнет жасын төмендету және жалақыны өсіру талабымен жер астынан шықпай қойды. Наразылық шарасы төрт-бес күнге созылды.  
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кеншілердің қанша алатынын мәлімдеген болатын. 
"Қазіргі уақытта "АрселорМиттал" шахталарында істеп жатқан азаматтар алатын еңбекақының ең төменгі мөлшері  — 208 мың теңге,  ал жоғары мөлшері — 326 мың теңге", - деген еді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу