Кент ішіндегі 5 мың шақырым жол жаңғырады

736

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 6,5 мың жоба жүзеге асырылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кент ішіндегі 5 мың шақырым жол жаңғырады

"Бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы мен әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы саласын дамытуға бағытталған 6,5 мың жобаның жұмысы жүріп жатыр. Жобаның құны 566 млрд теңгені құрайды", – деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, жоба толық жүзеге асырылғанда 2,5 мың шақырым инженерлік желі мен 5 мың шақырым кент ішіндегі жол жаңғырады. 

"Жоба аясында 632 мектеп пен балабақша, 70 денсаулық сақтау нысаны, 300 мәдениет үйі, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен спорт залдары салынып, жөнделеді", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу