Кентау қаласында 19 мың түп ағаш көшеті отырғызылды

1069

Кентау қаласында 19 мың түп ағаш көшеті отырғызылды

Жыл басынан бері Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендерде 19 мың түп ағаш көшеті отырғызылған, деп хабарлайды blognews.kz.

Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық "Жасыл Кентау" мекемесі басшысының міндетін атқарушы Құрманғазы Ахатаев айтты.

Қаладағы көгалдандыру жұмысымен тікелей айналысатын мекемедегі жауапты қызметкердің хабарлауынша, биылғы наурыз айында "Жасыл аймақ" учаскесіне 150 дана арша көшеті отырғызылып, оларды жерсіндіру үшін ерекше күтімге алынған.  

Бүгінгі таңда "Қосқорған" су қоймасының жанында орналасқан 122 гектарды құрайтын "Жасыл аймақ" учаскесіне 48 985 түп ағаш өсіп тұр. Оларды суғару, күтіп баптау жұмыстарын бекітілген жұмысшылар ұдайы жүргізуде.

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына орай Кентауда "Шатқал" аймағы құрылып онда 550-ден астам тал егіліпті.  Алдағы уақытта аталмыш аймақты демалыс орнына айналдыру бағытында байыпты бастамалар қолға алыныпты.

Кезінде "Қаратау тәжі" атанған кеншілер қаласындағы 54 көше жарықтандырылуда. Қала көшелері, саябақтар мен саяжолдарда орналасқан 8,5 шақырымдағы бағаналар мен жарықкөздердің қалыпты жұмыс атқаруы мекеме тарапынан тұрақты қадағаланады екен. Мәжіліс соыңында БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған жергіліелелер мәс бойынша спикерге сұрақтар қойып, нақтылы жауаптарды алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу