Кентау қаласына алғаш рет газ берілді

943

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентаудағы Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Кентау қаласына алғаш рет газ берілді

"Бүгін кентаулықтар үшін көптен күткен мәселе шешіліп, қалаға газ беріліп отыр. Басшы ретінде осы бастаманы қысқа мерзімде орындауға күш салып, қаржы мәселесін шешіп, компаниялармен келіссөз жүргізіп, сол межеге жетіп отырмыз. Жобаны жүзеге асыруда өте күрделі әрі ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл – Кентау қаласы тұрғындарының өмір сапасын арттырады. Қалаларыңызға газ еніп тұр. Енді тұрғындар бірлесіп әрекет етсе, әр үйге кезең-кезеңімен газ кіргізілетін болады", – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өңірдегі жұмыстарды баяндай келе тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын тыңдады. Кентауды дамыту бағытында да жұмыс күшейетінін жеткізді. Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым, қаланы газбен қамту, ономастика, жұмыс орындарын көбейту, жол, баспанамен қамту, балалар ойын алаңшаларын салу, Кентау қаласының жастарын "Серпін" бағдарламасына енгізуге ықпал ету және өзге де мәселелерді көтерді. Өткір сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу