Кентау қаласында этнос өкілі сайлау учаскесінде бауырсақ пен бәліш таратты

659

Бұл маңызды күнде Кентау қаласының тұрғындары да белсенділік танытып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Кентау қаласында этнос өкілі сайлау учаскесінде бауырсақ пен бәліш таратты Фото: otyrar.kz

Қаладағы №46 сайлау учаскесінде Галина Фёдорова қызымен бірге келіп, таңдауын жасады. Ұлттық киіммен келген этнос өкілі өз қолымен дайындаған бауырсақ, бәліштерін көпшілікке үлестірді. Сондай-ақ, елдің ертеңіне үлкен сеніммен қарайтын тұрғындар бұл күнді үлкен мерекеге теңейді.

"Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл күн мереке болғандықтан сәнді киім киіп келдім. Елімізде тыныштық болсын деп тілеймін", – дейді Галина Фёдорова.

Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскесі бар болса, 55 932 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Бүгін қаладағы барлық қоғамдық көліктер таңғы сағат 07:00-ден бастап тегін қызмет көрсетіп жатыр.

Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар берілсе, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында "Ынтымақ" алаңында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ қалада азық-түлік жәрмеңкесі өткізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу