Кентауда қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болып, 1 адам қаза тапты

419

Газдан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілді.    

Кентауда қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болып, 1 адам қаза тапты Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысының Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан өрт шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды.

– Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 2-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар толық медициналық бақылауда, – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына барып, жауапты қызмет өкілдерімен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу