Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 32 адам эвакуацияланды

398

Түркістан облысының Кентау қаласындағы Төле би көшесінде үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 32 адам эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 3 минут ішінде жетті. Құтқарушылар келген кезде шатыр ашық жалынмен жанып жатқан.

Өрт 250 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. ТЖД күштері баспалдақ арқылы 32 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу