Кентау қаласында жаңа ЖЭО салынуы мүмкін

621

Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық кеңес отырысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиев мәлімдеді. 

Кентау қаласында жаңа ЖЭО салынуы мүмкін Фото: inform.kz

Оның айтуынша, әзірге жылу энергоорталыққа қатысты екі жоба жасалған. Оның бірі - жылу орталығын табиғи газға қосу, ал екіншісі - жаңа жылу энерго орталығын салу.

"Алдағы уақытта аталған мәселе бойынша түбейгейі шешім қабылданатын болады",-деді басқарма басшысы, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Кентаудағы №5 жылу энергия орталығы 1934 жылы салынған. Мамандардың сөзінше бүгінде мұндағы негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған.

Қазіргі кезде аталған жылу энерго орталығының қызметін 14 мың абонент тұтынып отыр.

Оның ішінде 347 көпқабатты тұрғын үй, 2000 астам жеке сектордағы тұрғын үйлер мен 106 бюджеттік мекеме, 441 коммерциялық нысан бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу