Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.
Өрт сағат 22.11-де оқшауланып, сағат 22.30-да сөндірілді.
Зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда.
Түркістан облысы ТЖД азаматтардан мына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:
- ашық отты қолданбаңыздар;
- балкондарда жанғыш материалдарды, ескі жиһаздарды, макулатураларды және отқа себепкер болатын басқа заттарды сақтамау керек;
- пәтерден шыққан кезде әрқашан балкондардың терезелері мен есіктерін жабыңыз, оларға кішкентай балалардың кіруін шектеңіздер;
- балконда алғашқы өрт сөндіру құралдарын сақтаңыздар;
- мүмкіндігінше балкондар мен лоджияларды каптап тастаңыз, терезелерді ашық қараусыз қалдырмаңыздар;
- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылдарын тастамаңыздар. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өртті болдырмауға мүмкіндік береді.
- Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыздар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу