Кентау қаласындағы Қазпошта бөлімшесі өртенді

622

2020 жылы 5 желтоқсанда сағат 22:58-де 101 пультіне Кентау қаласында үш қабатты  тұрғын үйге жапсарлас салынған "Қазпошта" АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.  

Кентау қаласындағы Қазпошта бөлімшесі өртенді

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқанын анықтаған. Өрттің көлемі 30 шаршы метр. 

Өрт  сағат 23:20-да оқшауланып, 23:30-да өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкер және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу