Кентау қаласының экс-әкімі 10 жылға сотталды

454

Ол пара алғаны үшін айыпталды.

Кентау қаласының экс-әкімі 10 жылға сотталды Фото: Ашық дереккөзден

Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Рашид Аюпов Қылмыстық кодекстің 177-бабы (1997 жылғы редакциясы) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын. Рашид Аюпов ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігінде, 312-бабының 5-бөлігінде (1997 жылғы редакциясы) көзделген қылмыстары үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деп үкім оқыды судья.

Сондай-ақ, оның 7 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұған қоса, Р. Аюповтан сыбайлас жемқорлық жолымен алған 422 млн 800 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу