Кентау мен Қостанайда жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

263

Күндізгі уақытта екі қалада да жылу беру толық көлемде қалпына келтірілуі тиіс. 

Кентау мен Қостанайда жылумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда Фото: inbusiness.kz

Бір күн бұрын Кентауда дауыл соққан желдің салдарынан электр қуатының үзілуі тіркеліп, жылумен қамтуда біраз үзіліс орын алған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша, электр қуаты толығымен қалпына келтірілді. Кентау ЖЭО-да үш қазан жұмыс істеп тұр. Ал 21 желтоқсанда 4-ші қазан іске қосылады. Қазіргі уақытта, көшедегі температура -4 градусты құрайды. Жылу беру 60 стандартпен 56 градусты көрсетеді. Сондай-ақ, 21 желтоқсанда ауа температурасы 60 градусқа дейін көтеріледі.

Бұдан басқа, Қостанай әкімінің айтуынша, бүгінде қалада магистральдық жылу желісіндегі ұсақ бұзушылықтарды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс 20 желтоқсан күні сағат 17.00-ге дейін аяқталады. Әкімдікте айтылғандай, бұл жұмыстар қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу