Кентау қаласының полиция қызметкерлері түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен күдік тудырған Mercedes автокөлігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары автокөліктің салонынан 3 атыс қаруын тапты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.
Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны, яғни жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу