Кентауда 14 көпқабатты үй жөндеуден өтіп жатыр

994

Қалған 30 көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізуге Түркістан облыстық мәслихатының бюджетті нақтыланып, қаржы қарастырылды. 

 Кентауда 14 көпқабатты үй жөндеуден өтіп жатыр

2019 жылға Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 14  үйдің қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қалған 30 көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізуге Түркістан облыстық мәслихатының бюджетті нақтыланып, қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда қаржы бөлінуіне байланысты ұйымдық жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін 2019 жылдың шілде айының 3-онкүндігінде аталған 30 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы дерлік кондоминумға тіркелген.

Айта кетейік, 2020 жылы – 74 үй, 2021 жылы 73 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу