Кентауда 180 отбасы пәтер кілтін алды

959

60 пәтерлі көпқабатты 3 тұрғын үйдің 90 пәтері көпбалалы отбасыларға, ал 37-сі жетім балаларға, қалған 53 пәтер "Нұрлы жер" бағдарламасымен беріліп отыр.

Кентауда 180 отбасы пәтер кілтін алды

Отан қорғаушылар мерекесі күні Кентауда 180 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсімінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды жаңа баспанасымен құттықтады.

"Баспана беру реті ережеге сәйкес кезек бойынша беріліп отыр. Дегенмен, әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға, көпбалалы отбасыларға баспанамен қамту жағына басымдық берілген. Тағы бір айтар қуанышты жаңалығымыз Кентау қаласының жаңа мөлтек ауданынан көпқабатты 10 үйдің құрылысы басталып, іргетасы қаланды. Демек, келер жылы тағы 600-ге жуық отбасы өз баспаналарына қол жеткізетін болады. Осының барлығы құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі, халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы, елбасының халыққа деген қамқорлығы", – деді облыс әкімі.

Жалпы жыл соңына дейін Кентау қаласының 300-ге жуық отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу