Кентауда 2075 жылға дейін төтенше экологиялық жағдай жарияланды

132

Тиісті бұйрыққа экология министрі қол қойды.  

Кентауда 2075 жылға дейін төтенше экологиялық жағдай жарияланды Фото: primeminister.kz

Кентау өнеркәсіптік аймағы – төтенше экологиялық жағдай аймағы болып саналады деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Түркістан облысы Кентау қаласының Өнеркәсіптік аймағының 900 га аумағы төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялансын. Төтенше экологиялық жағдай аймағына солтүстіктен Түркістан облысының Кентау қаласына іргелес жатқан ауданы 900 га Өндірістік аймақтың аумағы кіреді. Төтенше экологиялық жағдайдағы аумақтың орналасуының карта-схемасы 1-суретте көрсетілген", – деп жазылған бұйрықта.

Министрлік төтенше экологиялық жағдай аймағын жариялау мерзімін елу жыл деп бекіткен және осы аралықта қандай шектеулер болатынын жазған. Бұл шешім аймақтағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты қабылданды. Аталған аумақта тұрғындар өмір сүрмейді.

"Түркістан облысының Кентау қаласына іргелес жатқан ауданы 900 га Өндірістік аймақтың аумағының төтенше экологиялық жағдай аймағының қолдануды мерзімі – 2075 жылғы 1 қаңтарға дейін", - деп жазылған бұйрықта.

Осы мерзім аралығында төтенше экологиялық аймақ аумағында мынандай шектеулер болады:

  • келу және кетудің ерекше режимін белгілеу, көлік құралдарының жүрісін шектеу;
  • қызметі төтенше экологиялық жағдайды жоюға немесе халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты емес жаңа кәсіпорындар мен басқа да объектілерді салуға және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге тыйым белгілеу;
  • адамдарға тұрақты немесе уақытша тұруға арналған үй-жайларды міндетті түрде бере отырып, оларды тұруына қауіпті жерлерден көшіру;
  • жоғары экологиялық қауіп төндіретін деп танылған объектілерді салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салу;
  • сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салу;
  • адамдарға, өсімдіктер әлеміне, жануарлар дүниесіне және басқа да табиғи объектілерге жоғары экологиялық қауіп төндіретін кез келген басқа да қызметті жүзеге асыруға тыйым салу немесе шектеу.

Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімдігіне:

  1. тиісті аумақтағы қолайсыз экологиялық ахуал деңгейін тұрақтандыру және төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  2. Экологиялық кодекстің 409-бабына сәйкес төтенше экологиялық жағдай аймағындағы экологиялық ахуалдың мониторингін қамтамасыз ету.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу