Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, жұқпалы аурулар бөліміне 19 адам жатқызылған. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Мамандар зертханалық зерттеу үшін дәмханадан сынама алған.
"Науқастардың бәрі дене қызуының көтерілуі, құсу сияқты белгілерге шағымданды. Олар ауруын "Ризик Рауана" дәмханасында сатып алынған азық-түлік өнімдерін пайдаланумен байланыстырады. Бүгінде дәмхананың қызметі тоқтатылып, жоспардан тыс тексеру басталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жұмылдырылды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр", деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.