Кентауда бетон зауыты іске қосылды

1616

Зауыт сағатына 3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы.

Кентауда бетон зауыты іске қосылды

Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін "Фахри СтройБетон" ЖШС іске қосылып, жұмысын бастады. Жаңа зауыт м150-м450 маркалы бетондарды өндіреді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт сағатына 3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы.

Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде.

Кәсіпорынның 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу