Кентауда инсульт орталығы ашылды

841

Кентауда инсульт орталығы ашылды

Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік  томографиямен жабдықталды. Заман талабына сай жаңа қондырғы инсульт пен бас ми жарақатын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін Кентау қаласының тұрғындары Түркістан қаласына қатынап ем алуға мәжбүр болған еді, делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Компьютерлік томография ауруды алғашқы белгілерінен-ақ анықтауға мүмкіндік береді. Аппараттың көмегімен бастағы ісіктер мен қабыну процесін, сүйек құрылымындағы аурулардың ауыр жағдайының өзін нақты табуға болады" дейді мамандар. 

Сондай-ақ кеудедегі, құрсақ қуысы мен асқазан, аш ішектің,  мұрын қуысы мен бүйректегі ауытқуларды тексеруге болады.

Жапондық Optima 540 компьютерлік томографиясы облыстық бюджет есебінен 269 млн. 500 мың теңгеге сатып алынып орнатылған.

Сонымен қатар, Түркістан облысына бірнеше медициналық нысанды салу үшін республикадан қаражат бөлу сұралған. Мәселен, Түркістандағы перинаталдық орталықтың жанынан қосымша 150 орындық ғимарат салу қажеттігі туындап отыр. Кентау қаласы мен Сайрам, Жетісай аудандарына, Мырзакент пен Атакент кенттеріне 5 емхана салуға да республикадан қаржы бөлу жағы қарастырылуда. Сондай - ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі жүзеге асып жатыр. Жақында түркістандық мамандар Ресейге барып, сондағы білікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу