Кентауда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

160

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті мәлім етті.

Кентауда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды Фото: Түркістан облысы ПД

Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылды. Аталған фаткі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мүмкін куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеруде.

"Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу