Кентауда концетрат байытатын цех іске қосылады

917

Кентауда концетрат байытатын цех іске қосылады

Кеншілер қаласында биылғы жылдың шілде айында түрлі-түсті металдардың концентратын байытатын "Кентау полиметалл" ЖШС-гі өз жұмысын бастағалы отыр.  Жобаның жалпы құны 650 млн теңгені құрайды. Заттай түрдегі қуаттылығы жылына  - 15000 тонна дайын концентрат шығару. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Шикізат ретінде Ақтөбе облысында орналасқан "Юбилейный" алтын кен орны мен Созақ ауданындағы "Күмісті" шашыраңқы алтын орындарының рудаларын пайдаланамыз. Инвестициялық жоба екі кезеңнен тұрады. Жоба толығымен жүзеге асып, іске қосылғанда "Қазмырыш" АҚ және "Қазақмыс" АҚ қарасты өндірістік кәсіпорындарын дайын өніммен қамтамасыз ететін боламыз", - дейді "Кентау полиметалл" ЖШС-нің  инженер – құрылысшысы Азамат Сүлейменов. 

Қазіргі таңда серіктестік "Мырғалымсай" кен орнының бұрынғы ғимаратын сатып алған. Бүгінде мұнда негізгі өндірістік цехтардың монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Құрал-жабдықтардың басым бөлігі Қытай елінен сатып әкелінген.  Егер жоба толығымен іске асса,  110 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу