Кентауда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті

474

Оқиға бүгін түнгі сағат 00:20 шамасында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кентауда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті Фото: Бейнежазбадан

Ататүрік көшесіндегі 5 қабаттың үйдің 300 шаршы метр шатыры түгелімен жанып кетті. Жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үйден 100-ге жуық адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарушылар келгенше 120-ға жуық адам көшеге өз бетімен шығып үлгерген.

Өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер және қаза болғандар жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу