Кентауда құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехы ашылады

2182

Цех халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қондырғылармен жабдықталуда. 

Кентауда құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехы ашылады

Кентау қаласының Қарашық ауылдық округіндегі "Тұран" шаруа қожалығында екі цех жұмыс істейді. Бірі – жіп өңдеу және мақта май цехы, екіншісі – сүт өңдейтін цех. Қожалыққа қарасты сүт зауытында сүт өнімдерінің барлық түрі шығарылады. Кәсіпорын тәулігіне 40 тонна өнім өңдеуге қауқарлы. 15-16 тонна сиыр сүтін қабылдап, одан сүт өнімдерінің барлық түрін шығарады. Сонымен қатар, тамшылатып суаруға пайдаланатын құбыр цехы жұмыс істейді.

Қожалық жыл сайын 30 миллион теңгеге дейін табыс көзін табуда. Матаның жоғары деңгейдегі элиталық шитті тұқымын жылына 430 тоннаға дейін жеткізіп отыр. Қожалық иесі 2018 жылы 413 гектар жерге шитті мақта өнімдерін егіп, жоғары өнім алған.

"Алдағы уақытта Германияның "Textima Export Import GmbH"  фирмасынан 3 миллион АҚШ долларына жіп игеру жабдықтарын әкеліп орнатуды жоспарлап отырмын. Құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехының құрылыс толығымен аяқталды. Қазір қажетті халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қондырғылармен жабдықталу үстінде. Таяу күндері іске қосылатын болады", – дейді "Тұран" шаруа қожалығының төрағасы Хабибулла  Азимов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу