Кентауда өңделген қоқыстар Ресейге экспортталуда

1091

Кентауда өңделген қоқыстар Ресейге экспортталуда

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласынан шығатын қоқыстар өңделіп, Ресейге экспортталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған зауытта 1 сағатта 300-500 келі, 1 айда 80-100 тонна қоқыс өңделеді. Жобалық  құны  100 млн теңгені құрайтын зауыт  жыл сайын 800 мың тонна  тұрмыстық  қатты  қалдықты қайта өңдеуге  қауқарлы.  Дайын болған қалдықтар негізінен Ресейдің Мәскеу, Самара, Челябі және Екатеринбор қалаларына экспортталады. Ол жақта пластикалық ыдыстардың қалдықтарын қайта өңдеу арқылы тағы  пластикалық ыдыстар мен мата шығарылады екен. Бүгінде кәсіпорынға  қажетті  тұрмыстық  қатты   қалдық Оңтүстік Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен және Қызылорда облысынан  жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу