Кентаудағы шыны пластикалық арматура шығаратын цех жіп секілді заттан шыны арматура жасап шығаруда, деп хабарлайды blognews.kz.
Заманауи шыны пластикалық арматура темірге қарағанда 10 есе қолайлы. Әрі күнделікті шаруашылықта таптырмайтын зат. Мұның бағасы металл арматурадан 30 есе арзан. Әрі төзімділігі темірден 3,5 есе мықты. Мұнымен үй тұрғызылса, ішке суық пен ыстық өтпейді. Моноқала бағдарламасы аясында жүзеге асып отырған шағын цех қазіргі таңда 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы құрал жабдықтардың барлығын да өздері жасап құрастырған.
Алдағы уақытта бұл цех Самарқан елінен келген инвестордың қаржыландыруымен жұмыс көлемін ұлғайтпақ. Ол үшін қала әкімдігі жуырда ғана ашылған индустриалды аймақтан жер бөліп, сонда орналасуға қолдау көрсетпек.
Айта кетейік, Кентау қаласында жылдан жылға кәсіпкерлердің саны артып келеді. Былтыр 290 млн тг қаржы несиеге берілсе, 12 млн тг грантқа ұсынылды. Ал, биыл несие алушыларға 500 млн теңге, ал гранттарға 13 млн теңге қаржы берілмек.