Кентауда төтенше жағдай: Жылу электр орталығындағы төрт қазандық түгел істен шықты

536

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бүкіл қала жарықсыз қалған.

Кентауда төтенше жағдай: Жылу электр орталығындағы төрт қазандық түгел істен шықты Фото: vera.kz

Кентау қаласының тұрғындары жарық пен жылусыз қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қала тұрғындары үйлеріндегі радиаторлар суықтан қатып қалғанын айтты. Сондай-ақ, шаһарда кеше түнде жағдай қиындап кеткен. Жергілікті тұрғындардың бірі батареялар суықтан жарылуы мүмкін екенін айтты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бүкіл қала жарықсыз қалған.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, жылу электр орталығындағы (ЖЭО) жарықтың өшуі сорғы стансасының жұмыс істемеуіне себеп болған. Қазір ол қалпына келтірілді, алдағы уақытта азаматтардың пәтерлеріне жылу берілмек деген сенім бар.

Қала әкімдігі баспасөз қызметіне мәліметінше, жылу орталығындағы электр желілерінің өшуіне жел себеп болған.

"Қатты дауылды желдің салдарынан Кентау қаласы Жылу орталығына келетін негізгі және резервті электр желілерінің өшуіне байланысты №5 Жылу орталығының жұмысы тоқтап, қысқа уақыт ішінде қайта электр энергиясы қосылды. Қазіргі таңда орталықтың 4 қазандықтары іске қосылып, штаттық режимде жұмыс атқаруда. Жылу орталығының жұмысы қала әкімдігінің жіті бақылауында", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу