Кентау трансформатор зауыты елімізде тұңғыш рет 80 мегаваттық трансформатор құрастырып шығарды.
Бұл жемiстi еңбекті тек зауытта ғана емес, еліміздегі тарихи жаңалық деуге негіз бар. Өйткенi, Кентауда құрастырылатын трансформатордың ең қуаттысы 63 мегаваттық болатын. Бiр данасының өзi Кентау секілді 10 қаланы электр қуатымен қамти алады. Қазіргі уақытта осынау алпауыт трансформаторға 4 тапсырыс түскен.
Айте кету керек, Кентау трансформатор зауытының ұжымы өткен жылы үздiк көрсеткiштерге қол жеткiздi. Өнiм көлемi межеленген жоспардан артық орындалып, 11 млрд теңге шамасында болды.
Қала әкімі аппаратының баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы жылдың жырты жылдығында экспорт көлемi 33 пайызға өссе, биыл бұл көрсеткiш 40 пайызға артып отыр. Алдағы уақытта экспортты 50 пайызға жеткiзудi жоспарлап отырған зауытта 1100 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етедi.
Зауыт қазiрдiң өзiнде 2017 жылдың қаңтар айына дейiн тапсырыстар қабылдап, келiсiмшарттар жасап қойған. Тапсырыс берушiлердiң көпшiлiгi - шетелдiк компаниялар. Тiптi, кейбiр мемлекеттер 3 жылға дейiн келiсiмшартқа отырған.
Компания жақында ғана Беларусь мемлекетiнен тапсырыс алды. Сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де елдерден түсіп жатқан тапсырыстардың да көлемi артып келедi.
ҚазАқпарат