Кентауда тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын өндіріс іске қосылды

268

 Кәсіпорын жылына шамамен 30 тонна өнім өндіреді.  

Кентауда тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын өндіріс іске қосылды Фото: gov.kz

Кентау қаласында отандық өнім өндіруге бағытталған кәсіпорындардың қатары артып келеді. Солардың бірі – "Superchem" кәсіпорны. Мұнда "SuperGlad" брендімен тұрмыстық химия өнімдері шығарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорында кір жуу ұнтағы, кір жууға арналған гель, ағартқыш және басқа да тұрмыстық қажеттіліктерге арналған 10-ға жуық өнім түрі өндіріледі. Өндіріс орны жылына шамамен 30 тонна өнім шығаруға қауқарлы.

Кәсіпорын өнімдері Кентау мен Түркістаннан бөлек, еліміздің өзге өңірлеріне де жеткізіледі. Кәсіпкер өндірісті кеңейтіп, өнім түрлерін көбейтуді және отандық нарықтағы үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

Жергілікті өндірістің дамуы жаңа жұмыс орындарын ашып, отандық өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу