Кентауда жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылды

1337

Кентауда жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында жаңа өндірістік кәсіпорын өз жұмысын бастады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген ИИДМБ аясында еліміз бойынша қаншама кәсіпорындар іске қосылып жаңа жұмыс орындары ашылып жұмыссыз азаматтарға қуаныш сыйлады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.10.2014 жылғы №337 қаулысына сәйкес, ҚР ИИДБ аясында жүзеге асқан "Электродеталь" ЖШС-ның "0.4.6.10.35 кВ жиынтық-тарату жабдықтар және электр  техникалық қондырғылар шығару" жобасы индустриаландыру картасына енген.

Кентау қаласы әкімдігінің 4 наурыз 2013 жылғы №93 қаулысымен, қаламызда жалпы алаңы 25,0 га жер телімінде индустриалды аймақ құрылды. Бүгінгі таңда индустриялды аймақта 5 жоба орналастырылып, 1998,5 млн.теңге инвестиция тартылуда.  4,3 га жер теліміне инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының аясында мемлекет тарапынан 1 419,3 млн теңгеге инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.

Іске қосылған жаңа жобаның сметалық құны 867 млн теңгені құрап, өндірістік кәсіпорын соңғы типтік үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, индустриялды аймақтан 1,6 га жер теліміне орналастырылған.  Аталған кәсіпорында көршілес Еуропа елдерінен, Аустрия, Германия, Италия, Түркия елдерінен шығарылған плазмамен кесу машинасы, беттерді игіш электромеханикалық орталық, гидравликалық пресстер, электромеханикалық револьверлі координатты тесу пресі, орау станогтары, магнитті сымдары тегістеу стөлі орамдарына арналған гидравликалық пресс, белсенді бөлшектерін престеу жүйесі, май дайындауға арналған қондырғысы сынды құрылғылар жұмыс жасауда.

"ЭлектроДеталь" ЖШС "Кентау трансформатор зауыты" АҚ қажетті 35-110 кВ күштік майлы трансформаторлардың металл құрастырылымдары, 3(10)-35 кВ шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдары, 35-110 кВ күштік майлы трансформаторларының жоғары және төменгі кернеуінің орамдары шығаратын болады. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 50 жұмысшы жұмыс жасауда.

"ЭлектроДеталь" кәсіпорны жылына 1400 дана шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарды шығаруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу