Кентауда жаңа шығармашылық үйі пайдалануға берілді

1072

Кентауда жаңа шығармашылық үйі пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстандағы Кентау қаласында "Астана күні" мерекесіне орай жаңа нысан пайдалануға беріліп, балаларға арналған шығармашылық үйі ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімі Ә.Мақұлбаев алғы сөзді алып, ауыл тұрғындарын мемлекеттік мереке - Астана күнімен құттықтап өтті. Жиынға қала әкімі бастаған зиялы қауымдар мен мәслихат депутаттары, ардагерлер мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа нысанның лентасын 97 жасқа келген ҰОС ардагері Хантағы ауылының тұрғыны Орынтай Махамбетов қиып, жақсылыққа бастар игі істер көп болсын деп батасын берді. Жиынға қатысушылар ашылу рәсімінен соң ғимаратты аралап, танысып шықты.

Негізінен, аталған ғимарат 1938 жылы "Ащысайтүстіметал" комбинатының алғашқы басқару органдары орналасқан ғимарат ретінде пайдалануға берілген болатын. Бертін келе 1960 жылдардан бастап Хантағы ауылындағы қызмет көрсету үйіне айналады. Осы уақытқа дейін ғимарат бос тұрып,  қолданусыз келді.

2016 жылы Хантағы ауылы әкімі аппараты басшылығының тиісті сметалық құжаттарды жасатуының нәтижесінде, "Балалар шығармашылық үйіне" жергілікті бюджеттен 58 000 000 млн теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осы жұмыстардың атқарылуына қала әкімі Ә.Мақұлбаев пен қалалық мәслихат депутаттарының тікелей ықпалы зор болғанын айта кету керек. Бүгінде аталмыш ғимарат ауыл тұрғындарына қызмет ету үшін есігін айқара ашты. Енді бұл ғимаратта ауыл әкімдігінің аппараты мен мектеп оқушыларына арналған үйірмелер жұмыс жасайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу