Түркістан облысы Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орнында болған газ жарылысынан зардап шеккен екінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт кезінде денесінің 90 пайызын күйік шалған азамат кеше жер қойнына тапсырылған.
Еске салайық, 1 қаңтар күні түнгі сағат 2:00 шамасында Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соңы өртке ұласқан еді.
Қайғылы оқиғадан 18 жастағы студент оқиға орнында қаза тауып, төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.