Кентау қаласындағы саябақтардың бірінде жылқы иесі тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан ат жолда келе жатқан кішкентай қызды таптап кетті. Оқыс жағдай бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп жазады inbusiness.kz Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше, қыздың әкесі арыз жазудан бас тартқан. Ол баласының денсаулығына зақым келмегенін айтады. Алайда бүгінде тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Кентау қаласының әкімдігі аталған фактіні тексеру жалғасып жатқанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу