Кентаудың бұрынғы әкімі қайтадан түрмеге қамалды

623

Ол мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.

Кентаудың бұрынғы әкімі қайтадан түрмеге қамалды Фото: ontustik.gov.kz

Екі ай бұрын бостандыққа шыққан Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов қайтадан түрмеге қамалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облыстық сотының аппелияциялық инстанциясы Кентау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіліне ауыстыру туралы Қонаев қалалық сотының бұрын шығарған қаулысының күшін жойды.

"Прокурордың талап-арызы қанағаттандырылды. Сот үкімі орындау үшін Астана қаласының полиция департаментіне жіберілді. Бүгінгі таңда М. жазасын одан әрі өтеу үшін ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесіне жеткізілгендігін хабарлаймыз", - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, былтыр ғана 10 жылға сотталған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов 2 қараша күні түрмеден босатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу