Кентаулық оқушы Қазақстан бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған

337

Мектеп түлегі математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді екен.

Кентаулық оқушы Қазақстан бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Кентаулық түлек Айдос Қожанов ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады. Бұл – әзірге еліміздегі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айдос Хайроллаұлы Қожанов Кентаудағы Юрий Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейде 10 жыл білім алып, 11-сыныпта Грант мектебіне ауысқан.

Жігіт математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді екен.

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11 сыныпты 32 306 оқушы бітірді. Оның 1727-сі "Алтын белгіге", 2466-сы "Үздік аттестатқа" үміткер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу