Кентаулық оқушының Құлсарыға жіберген қаржысы музейге қойылды

260

Оқушы құтыға 1 жыл бойы ақша жинаған. 

Кентаулық оқушының Құлсарыға жіберген қаржысы музейге қойылды Фото: Жылыой ауданы әкімдігі

Кентаулық оқушының ақша салынған құтысы Құлсары қаласындағы музейге қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Түркістан облысындағы Кентау қаласының кішкентай тұрғыны Гаухар Шаймерден ақша жинап жүрген құтысын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына жіберді. Ол бұл құтыға 1 жыл бойы ақша жинаған. Теледидардан тасқын су басқан Ққлсары көріп, бар жинағын құлсарылықтарға жіберуге шешім қабылдаған. Бұл — кішкентай қазақстандықтардың отаншылдық сезімінің символы", - деп хабарлады Жылыой әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар оқушының қаржысын жұмсамауды ұйғарған.

Оның ақша салынған құтысы аудандық "Атамұра" музейіне қойылды. 

Сондай-ақ, тағы бір балақай — Жігер Жамбылдың аманаты да аталған музейде сақталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу