Кепілде тұрған көліктерді күзетемін деп шығынға батты

1614

Кепілде тұрған көліктерді күзетемін деп шығынға батты

Пайдасы жоқ автотұрақ. Ақтөбелік кәсіпкер Ораз Мыңбаев тәркіленген көліктерді күзетем деп, шығынға белшесінен батты. Оған тиесілі автотұрақта бүгінде 241 машина бар. Алайда олардың иелері көлігіне асығар емес, қарыздан құтылуға да құлықсыз. Автотұрақты осыдан екі жыл бұрын сатып алған кәсіпкер бұндай жағдайға душар боламын деп ойламапты. Бұған дейін қаладағы екі арнайы автотұрақтың кенеттен жабылып қалғанына да Мыңбаев назар аудармаса керек. Енді қазір иесіне де қажеті жоқ көлікті тегін күзетіп отыр.

Бизнесменнің айтуынша, 241 көліктің 60 пайызы әкімшілік тәртіпбұзушылық үшін полициямен тәркіленген. Ал қалғаны банктегі несиесінен құтыла алмай жүрген немесе балаларына алимент төлеуден жалтарған азаматтарға тиесілі. Әрбір көлік үшін иесі, кем дегенде, жылына 73 мың теңге қарыз. Алайда машиналардың автотұрақта жылдап тұрғанын ескерсек, қарыздың жалпы соммасы тек жылына 18 млн теңгеге жуықтайды. Берешекті өндіру үшін кәсіпкер сотқа жүгінбек. Әзірге ол банкке қарызын өтей алмай, машинадан айрылған азаматтардың көлігін қабылдаудан бас тартып отыр.

Ораз Мыңбаев, арнайы автотұрақ директоры: "Көліктер өтпесе, конечно, материалдарды сотқа береміз. Соттың издержкасын өздері төлейді жекеменшіктер, бәрі де. Енді осыны шешу керек, қалай болса да, өйткен машиналар өте көп тұр. Территорияны алып тұр, басып тұр. Кәзір 241 машина тұр. Енді кісілер өзінің машинасын алмаса, сотқа береміз. Не ақшасын төлеткізер, не машинасын біз реализация істейміз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу